ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ "ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ұйымдастырған "Үздік авторлық бағдарлама" республикалық конкурсы 9-11 қараша айында Алматы қаласында өтті.
Балабақша менгерушісі Сариева Тойған Қалимқызы "Қазақтың ұлттық құндылығы - асық арқылы мектеп жасына дейінгі баланың даму қабілетін арттыру" тақырыбында авторлық бағдарламасын қорғады. Ұшқыр қиялмен ізденіс арқылы жаңаша леппен асықтан жасалған көптеген дидактикалық ойындар жинағын ойлап тапты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты аясында вариативтик компоненттің "Әлеуметтік" саласы бойынша "Бәрін білгім келеді" жұмыс бағыты бойынша "Алтын асық" бағдарламасын жасақтады. Бағдарлама ересектер тобымен мектепалды даярлық топтарына арналған 18 сағаттық вариативті бөлімнен тұрады. Асықтан жасалған дидактикалық ойындарды көре отырып "Асық - таусылмас мұрамен қатар, таусылмас идея" деп айтар едік.
https://altynbalyk.mahambet-bb.kz/kz/zha-aly-tar/121-zdik-avtorly-ba-darlama.html#sigFreeIde27c0f9812
Сұрақ қою