Сариева Тойған Қалимқызы 2 ақпан 1962 жылы Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Таңдай селосында дүниеге келген.
1993 жылы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық училищесінің "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандығын бітірді.
2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Мектепке дейінгі педагогика және психология" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірді.
Еңбек өтілі:
1979-1995 жылдар аралығында Махамбет орта мектебінде іс жүргізуші қызметінен алғашқы еңбек жолын бастады.
1995-2008 жылдар аралағында "Алтын балық" балабақшасында тәрбиеші, әдіскер, психолог қызметтерін атқарды.
2008 жылы "Алтын балық" балабақшасының меңгеруші қызметіне тағайындалды.
Марапаттары:
2005 жылы Атырау Облыстық Білім беру департаметінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Құрмет грамотасымен»,
2010 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігінің Құқық қорғау комитетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2013 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2015 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталлды.
2015 жылы Сочи қаласында өткен мектепке дейінгі тәрбие жұмысының кадрлерімен тәжірибе алмасуда «Сердце отдаю детям» дипломы мен «Доброе сердце» төсбелгісімен марапатталды.
2016 жылы «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту: жаңа сапа, жаңа көзқарас» ІІІ облыстық ғылыми практикалық конференциясын ұйымдастыру мен өткізудегі белсенді қызметі үшін Атырау облысы білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2014 жылы аудандық балабақша меңгерушілері арасында өткен «Білім ұясы: Үздік менеджер – 2014» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық «Үздік менеджер» байқауында жүлделі ІІ орын,
2014 - 2015 оқу жылына және қыс мезгіліне білім беру мекемесін сапалы дайындағаны үшін аудан әкімінің І дәрежелі дипломымен марапатталды.
2014 жылы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін 2014 жылдың қорытындысымен жылдың «Үздік балабақша қызметкері» болып танылды.
2016 жылы «Басқару - басқаларды жетістікке жеткізу» іс-тәжірибесі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жинақ кітабына, 2018 жылы "Білім айнасы" Республикалық педагогикалық журналының №3 санына "Тарихы терең - Мәңгілік ел" тақырыбында іс - тәжірибесі жарияланды.
2017 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
2018 жылы Облыстық педагогикалық оқуда "Қазақтың ұлттық құндылығы - асық арқылы мектеп жасына дейінгі баланың даму қабілетін арттыру" тақырыбында іс - тәжірибесін қорғап ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.