Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын

іске асыруға арналған "Алтын балық" бөбекжайының

2016-2020 жылдарға арналған

жоспары

 

 

Махамбет ауылы - 2016 жыл.

 

 

Нормативтік құқықтық бойынша

 

1. Жарғы №91 - 1915 - 08 МК Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазан № 475 қаулысымен бекітілген.

 

2.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлік №91 - 1915 - 08 - МК 07.12.2015 жылы заңды тұлғаны

мемлекеттік тіркеуден қайта өткізілді.

 

 

Негізгі директивлық құжаттар

 

1.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

ҚР Президентінің

7.12.2010 жылғы

№ 1118 жарлығымен бекітілген

 

2.

Қазақтсан Республикасы "Білім туралы" заңы

2007 жыл 27 шілде №319-Ш

Білім саласындағы қоғамдық қатынастарды, осы сала бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын анықтайды. ҚР азаматтарының Конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған, ҚР-нда үнемі тұратын шетелдік, азамттығы жоқ тұлғалардың білім алуын реттейді.

3.

Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандарты

 

2012 жыл 23 тамыз

№ 1080

2016 жыл 13 мамыр №292 қосымша

ҚР мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру, нормативті-құқықтық қызметін реттейтін негізгі құжат. Стандарт тәрбиешілер мен үйренушілердің ең жоғарғы оқу жүктемесіне және олардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының педагогтарына, оқу-тәрбие үрдерісі ұйымдарында талаптар белгілейді.

4.

Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

2013 жылғы 17 мамырдағы № 499

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің тәртібін анықтайды.

5.

Мектепке дейінгі  білім берудің үлгілік оқу жоспары

ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2012 жылы 20 желтоқсан 557 қаулысымен бекітілген.

Үлгілік оқу жоспарларының инварианттық бөлімінде (білім беру саласының мазмұны, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері мен ұзақтығы, әртүрлі жастағы топтарға жалпы жүктеме көлемі) және вариативтік компонентте (ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің аумағынан шығатын мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағыттары бойынша жұмыс, эксперименттік жұмыс, педагогтардың шығармашылық жұмысы, дарынды балалармен жұмыс, балалардың қызығушылығы және шетел тілдерін үйрену бойынша жұмыс) қамтылған.

6.

Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде нұсқауды бекіту туралы бұйрық

1998 жыл 13 қаңтар

№ 14 бұйрық

Осы Ережеде меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейін-гі ұйымдардың жұмыс тәртібін анықтайды.Осы Нұсқаудың орындалуы міндетті және барлық мектепке дейінгі мекемелердің әр қызметкер-лері қол қою арқылы таныстырылады.

7.

" Бала құқықтары туралы конвенциясы

 

 

1989 жылы

20 қарашада қабылданған

Бүгінгі күні Конвенция әлемнің барлығы дерлік қол қойған ең ортақ халықаралық құжат. Бұл халықаралық құжат 1994 жылы Қазақстан Үкіметімен бекітілді. Содан бері мемлекет миллиондаған Қазақстан балаларының өмір сүру, даму, қорғау, қатысу құқықтарын қамтамасыз етіп келеді.

8.

Қазақстан Республикасы балалар құқықтарын қорғау туралы"

ҚР 2002 жылы

8 тамыз № 345 Заң конституциясымен кепілденген

Баланың негізгі құқықтары мен қызығушылықтарын таратуға байланысты пайда болған көзқарасын, балалардың қоғамдағы құнды өмірге дайындығы басымдықтары қағидаларынан шығып, олардың қоғамдық мәнді және шығармашылық белсенділігінің дамуын, оларда жоғары адамгершілік, патриоттық, азаматтық қасиеттерін тәрбиелеуді, әлемдік өркениеттің жалпы адамдық құндылықтары негізінде ұлттық сана сезімін қалыптастыруды реттейді.

9.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жоспарлау мен қаржыландыру тәртібіне Әдістемелік нұсқаулық

2012 жыл 23 тамыз №387

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Балапан" бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту шығыстары мен қар-жыландыруды жоспарлау жан басына шағу принципі бойынша жүзеге асырылады.

10.

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары

ҚР Білім және ғылым министрлінің

2012 жыл 7 наурыз

№97 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің ойыншықтарының тақырыптық тізімін, топтың жас ерекшелігіне сай ойыншықтардың данасын көрсетіп айқындаған.

 

 

"Алтын балық" бөбекжайының даму бағдарламасының құрылымы:

 

Бөбекжай туралы ақпараттық анықтама.

 

1.Балабақшаның жай күйін талдау.

 

1.1. Бөбекжайдың әлеуметтік ортасының жай күйін талдау, отбасылық сипаттама.

 

1.2. Бөбекжайдың білім беру саласын талдау.

 

1.3. Бөбекжайдың материалдық-техникалық базасын талдау.

 

1.4. Білім беру үрдісінің мазмұнды ұйымдастырушылық компонентін талдау.

 

1.5. Заттық дамытушы ортаны талдау.

 

1.6. Мекемені талдау.

 

1.7. Бөбекжайдың тәрбие мен білім берудегі ағымдағы жағдайына талдау.

 

1.8. Ағымдағы жай күйді талдау.

 

ІІ. Бөбекжайдың  даму стратегиясы және тактикасы.

 

2.1. Даму бағдарламасының мақсатты компоненті.

2.2. Бөбекжайдың даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралардың тактикалық жоспары.

 

ІІІ. Даму бағдарламаның жүзеге асырудың стратегиялық компоненті.

 

Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары мен міндеттері

 

Мақсаты:

 

Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен, оқытумен, толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

 

Міндеттері:

 

- Бөбекжайды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

 

- Педагог мамандардың беделін көтеру;

 

- Педагог қызметкердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту;

 

- Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру;

 

- Бөбекжайдағы тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.

 

Іске асыру:  2016-2020 жылдар

 

Мерзімдері (кезеңдері)  Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады:

                                          Бірінші кезең: 2011-2015 жылдар;

                                          Екінші кезең: 2016-2020 жылдар.

 

Бөбекжайдың бағыты: гуманитарлық

 

І. "Алтын балық" бөбекжайы туралы ақпараттық анықтама.

 

№ 1 балабақша Бақсай ауданы ауылымыз Жаманқала атанған мезгілде 1954 жылдан бастап жұмыс жасаған.1980 жылы балабақша типтік жобамен салынған 140 орындық жаңа ғимаратқа көшірілген. Бөбекжайға «Алтын балық» атауы осы жылдан бастап берілген. Жалпы ауданы- 1064 шаршы метр . Мекен жайы: Атырау облысы , Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Жеңістің 50 жылдығы көшесі, 9 үй , телефоны: 8(71236)2-11-48, 8(71236)5 – 50 – 63, электрондық адресі: AltynBalyk2012@mail.ru. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын  болып Махамбет ауданы әкімінің 1999 жылғы 1 наурыздағы № 980   шешімі бойынша  жұмыс жасайды.      

 

Атауы: «Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Махамбет ауылының «Алтын балық» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

 

Соңғы тіркелудің күні мен нөмірі: 2015 жылғы 07 желтоқсандағы  № 91-1915-08-ГП .

 

Тұрақты жер  пайдалану актісі бар, жер учаскесінің кадастрлық  № 04-065-003-103.Жер учаскесінің алаңы: 0,5544 га.

 

Бөбекжайға жақын: Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі, "Ақниет" дүкені, "Қазақтелеком", "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мен "ГЦВП" мекемесі орналасқан.

 

Жоба бойынша 6 топтық 140 орындық ғимарат: 1 меңгеруші бөлмесі, 1 әдіскер бөлмесі, 1 психолог бөлмесі, 1 медбике бөлмесі, 1 саз бөлмесі мен дене шынықтыру залы, 1 бухгалтер кабинеті, 1 ас блогі, 1 гардероб бар.

 

«Алтын балық» бөбекжайдың ғимаратына 2013 жылы күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмысының сметалық құны 50825,6 мың   теңге. Күрделі жөндеу жұмысы кезінде балабақшаның ішіне толықтай косметикалық сылақ жұмысы жүргізіліп есік, терезелер, жылу жүйесі ауыстырылып, едендер өнделіп төменгі қабаттардың едендері астынан жылылық жүргізілді. Жаңадан ауыз су құдығы салынып ыстық сумен қамтылды. Кәріз жүйесі түгелдей ауыстырылып арнайы жаңадан септік салынды. Шаруашылық сарайлары түгел жөндеуден өтіп, балабақшаның ойын алаңдарындағы күн қалқаларына талапқа сай жөндеу жұмысы жүргізілді. Бөбекжай қоршауы түгелдей жаңадан ауыстырылды. Ғимараттың төбесі жаңадан ауыстырылып, қазіргі заманғы сай черепицамен жабылды.

 

Күрделі жөндеуден кейін 5 млн. 310 мың теңге жаңарту бағытында қаражат бөлінді. Оған асхана іші және медицина кабинеті, кір жуу бөлмесі толықтай жабдықталды. Бір топқа  және саз бөлмесіне балалар отырғышы, оқу тақтасы, ойыншықтар, спорттық тауарлар, телевизор, интерактивтік тақталар алынды.

 

2014 жылдың маусым айында өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптардын орындалуына 1 млн 180 мың теңге қаражат бөлінді. Оған мынандай жұмыстар жүргізілді.

 

1.Бөбекжай ғимаратында автоматты өрт сигналын беретін жүйесімен автоматты өрт сөндіру және адамдарды өрт туралы құлақтандыру қондырғылары орнатылды. 422 016 мың теңге.

 

2.Ғимараттың электр желілерінің кедергілеріне өлшеу жұмыстары жүргізілді. 80 000 мың теңге.

 

3.Бөбекжайдың төбе жабындысының ағаштан жасалған құрылымдары арнаулы оттан қорғайтын сұйықпен өнделді. 180 000 мың теңге.

 

4.Алғашқы өрт сөндіру құралдары нормаға сай түгел алынды. 494 850 мың теңге.

 

ІІ. Бөбекжайдың жай күйін талдау.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарт талабына сай балалардың жас ерекшеліктеріне сүйене отырып,    2015 жылдың 1 қыркүйек айында мынандай жастық топтар жинақталды:

 

І кіші "А" тобы (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)

 

І кіші "Б" тобы (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)

 

ІІ кіші топ (3 жастан бастап 4 жасқа дейін)

 

Ортаңғы "А" тобы (4 жастан бастап 5 жасқа дейін)

 

Ортаңғы "Б" тобы (4 жастан бастап 5 жасқа дейін)

 

Ортаңғы орыс тобы (4 жастан бастап 5 жасқа дейін)

 

Оқу бағдарламасы 5 топта мемлекеттік тілінде, 1 топ орыс тілінде мемлекеттік стандарт талабына сай  «Алғашқы қадам», «Зерек бала» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

Ұжым мынандай  жылдық міндеттемелермен жұмыс жасады:

 

1.Балалардың қарапайым математикалық түсінігін, логикалық ойлауын, қызығушылығын дамыту.

 

2.«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың шағармашылығын дамыту.

 

Жыл сайын 4 педагогикалық кеңес жоспарланады. Оның бәрі жоспар бойынша уақытында өткізіліп, шешімі орындалды. Педагогикалық кеңестерге: «Балалардың қарапайым математикалық түсінігін, логикалық ойлауын, қызығушылығын дамыту», «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту», «Көркем әдебиет оқу іс әрекетінде көрнекі құралдарды пайдалану»,  «Мектеп жасына дейінгі ұйымда дәстүрден тыс жолдар арқылы балалардың ағзасын шынықтыру» бойынша тақырыптарында тәрбиешілер Қ. Әбуғалиева, Б.Көшербева, Ж.Мұқанова, Г.Искендирова шығармашылық жұмыстарын көрсетті және сабақтарға арналған дидактикалық ойындар, атрибуттар, құралдар дайындады.

 

Ата аналар жұмысында жыл бойы ата – аналар жиналысы, кеңестер, әнгімелер, жылжымалы папкалар, сурет, фото көрмелері өткізілді. Қантар айында дене тәрбиесінің нұсқаушысы «Ойнайықта, ойлайық» сайысын өткізді, наурыз айында «Ал, кәне аналар!» сайысы, мамыр айында барлық топтар ата – аналар жиналысымен бірге ашық сабақтар ұйымдастырылды. Жыл бойы  өткізілген ертеңгіліктерге,  ойын-сауықтарға ата – аналар белсенді қатысты.

 

Тәрбиешілерге осындай тақырыптар бойынша кеңестер берілді:

 

1.Балалардың қарапайым математикалық түсінігін, логикалық ойлауын, қызығушылығын дамыту.

 

2.Атрибут құралдармен ойын;

 

3.Мектеп жасына дейінгі балалардың шағармашылығын дамыту.

 

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңды орындау жөніндегі жоспары бойынша қыркүйек айында «Тіл мерекесі» тақырыбы бойынша ағылшын тілінің оқытушысы Г. Аубакирова ертеңгілік өткізді, қазан айында «Ертегілер іздерімен» тақырыбы бойынша ата – аналармен ойын - сауық өткізілді. Жыл бойы «Білім күні», «Тәуелсіздік күні», «Наурыз», «Достық»күніне арналған мерекелік ертеңгіліктер өткізілді.

 

Мектеппен бөбекжай арасындағы байланыс жоспары бойынша «Білім күніне» байланысты «Алғашқы қоңырау», мектеп кітапханасына және соңғы қоңырауға саяхаттар ұйымдастырылды.

 

Жолда  жүру ережесі бойынша ата – аналарға «Жол жүру ережесін сақтайық» атты жылжымалы папка дайындалды, «Біздің достарымыз» үстел үсті  театрі, «Жол таңбалары» дидактикалық ойын, «Қызыл, сары, жасыл» ойын-сауықтыру  ұйымдастырылып өткізілді.

 

Педагогикалық ұжым 21 педагогтан тұрады:

 

Меңгеруші - 1

 

Әдіскер - 1

 

Психолог - 1

 

Тәрбиешілер -13

 

Саз жетекшісі - 1

 

Би жетекшісі - 1

 

Қазақ тілінің оқытушысы -1

 

Орыс тілінің оқытушысы -1

 

Ағылшын тілінің оқытушысы -1

 

Педагог кадрлардың сапалық құрамы

 

Оқу жылдары

Барлық педагогтар

Мектепке дейінгі жоғары білім

Жоғары пед. білім

Мектепке дейінгі арнаулы орта білім

Арнаулы орта білім

Пед. білімі жоқ

2015-2016

20

11-55%

7-35%

2-10%

-

-

2016-2017

21

14-66%

6-29%

1-5%

-

-

2017-2018

21

14-66%

6-29%

1-5%

-

-

2018-2019

21

15-71%

6-29%

-

-

-

2019-2020

21

15-71%

6-29%

-

-

-

                      

Педагогтардың жоғары,  арнаулы орта білімі туралы мәлімет

 

Жалпы педагогтар саны

2015-2016жж

2016-2017жж

2017-2018жж

2018-2019жж

2019-2020жж

20

21

21

21

21

Жоғары білімді педагогтар

18

90%

20

95%

20

95%

21

100%

21

100%

Арнаулы орта білімді педагогтар

2

10%

1

5%

1

5%

-

-

-

-

 

Біліктілік категориясы бойынша мінездеме

 

Оқу жылдары

Педагогтар саны

Жоғары

Бірінші

Екінші

Санаты жоқ

2015-2016

21

2-10%

7-33%

8-38%

4-19%

2016-2017

21

2-10%

9-43%

7-33%

3-14%

2017-2018

21

3-14%

8-38%

9-43%

1-5%

2018-2019

21

3-14%

10-48%

7-33%

1-5%

2019-2020

21

5-24%

9-43%

7-33%

-

 

Соңғы 5 жылда біліктілігін арттыратын педагогтардың үлесі

 

Оқу жылдары

Жалпы педагогтардың саны

Курстан өткен педагогтардың саны

1

2015-2016

20

7

2

2016-2017

21

6

3

2017-2018

21

5

4

2018-2019

21

8

5

2019-2020

21

5

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінде 2016-2020 жыдары Махамбет селолық "Алтын балық" бөбекжайында іске асырылатын шаралардың ЖОСПАРЫ

 

І.Бюджет қаржысын тиімді пайдалану, сатып алу жоспары

 

Іс-шаралар

Уақыты

Өткізілу түрі

Түпкі нәтиже

Жауапты

1

Жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу, ол үшін әрбір балаға, педагог қызметкерлерге шығатын шығынды анықтау

Жыл сайын

Бюджет қаржысын есептеу

Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші,

есепші

2

Қаржыландырудың нормативтік- жан басына шағу принципін жүзеге асыру үшін бөбекжайға бөлінген қаржыны үнемдеу, шаруашылық әрекетіне кететін орынсыз шығындарды азайту жолдарын іздестіріп, оны жүзеге асыру.

Жыл сайын

Артық шығындарды болдырмау

Бір балаға кететін шығынды мейлінше азайту

Меңгеруші, есепші

3

Бюджет қаржысын пайдаланудың тиімділігін арттыру, "веб-портал" арқылы сатылып алынатын құралдар мен жабдықтардың бағасына алдын-ала болжам жасап отыру

Жыл сайын

Бөбекжайға қажетті құралдар мен қызмет түрлерін алдын-ала анықтау арқылы, бағасы мен санына байланысты бюджеттік жоспарға енгізу

Бюджет қаржысын үнемдеу, бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші,

шаруашылық меңгерушісі

 

Бейне бақылау қондырғылары үшін (140 орындық бөбекжайға

16 нүкте керек)

2016-2017 жылдарда

Бюджет қаржысын есептеу

Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші,

есепші

 

Компьютерлер алу

2017-2018 жылдарда

Бюджет қаржысын есептеу

Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші, есепші

 

Бөбекжайдың ойын алаңдарына бала өміріне қауіпсіз жаңа заманауи балалар алаңшасын алу (спортивная игровая площадка )

2017-2018 жылдарда

Бюджет қаржысын есептеу

Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші,

есепші

 

4 топқа интерактивті  тақта және мультимедиялық құралдар алу

2018-2019 жылдарда

Бюджет қаржысын есептеу

Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші, есепші

 

Пианино

2018-2019 жылдарда

Бюджет қаржысын есептеу

Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші,

есепші

 

Баян

2018-2019 жылдарда

Бюджет қаржысын есептеу

Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші, есепші

 

Электроплита 4 камфорлы

2019-2020 жылдарда

Бюджет қаржысын есептеу

Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші,

есепші

 

Тоңазытқыш

2019-2020 жылдарда

Бюджет қаржысын есептеу

Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсарту

Меңгеруші, есепші

 

 

ІІ.Педагог мәртебесін арттыру

 

Іс-шаралар

Уақыты

Өткізілу түрі

Түпкі нәтиже

Жауапты

1

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында 5 жылдық  жоспар құру. Жоспар бойынша педагогтарды курсқа жіберу

Жыл сайын

Педагогтардың өз бетімен білімін көтеру

Педагогтардың білімін жетілдіру

Меңгеруші, әдіскер

2

Жоғары біліктілік санатты педагогтардың санын көбейту.

 

Жыл сайын

Атестататау ережесіне сай жұмыс жүргізу

Педагогтардың біліктілігіне қойылатын талапты арттыру.

Меңгеруші, әдіскер

3

Педагогтардың өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру жұмысын, педагог портфолиосын жасақтау

Жыл сайын

Әдістемелік шеберлік байқауын көрмелерін ұйымдастыру

Үздік және тәжірибелі педагогтардың іс-тәжірибесін жинақтап шығару

Әдіскер

4

Тәрбиешілерді бөбекжайішілік "Білім ұясы: Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік тәрбиешісі" байқауына,  педагогикалық оқуларға қатынастыру

Жыл сайын

Тәрбиешілердің жетістіктерін көрсету

Тәрбиешілердің шеберліктерін шыңдау

Әдіскер

5

Педагогтарды аттестаттауда, тестілеуде, оқу әдістемелік қызметі туралы есебін тыңдауда тәрбиеленушілердің, ата-аналардың пікірлерін жинақтап бағалау

Жыл сайын

Сауалнама жүргізу

Аттестаттау ісінің жариялылығы мен тиімділігіне қол жеткізу

Меңгеруші, әдіскер

 

ІІ. Бөбекжайда тамақтану мен медициналық қызмет көрсетудің тиімді

менеджментін ұйымдастыру

 

Іс-шаралар

Уақыты

Өткізілу түрі

Түпкі нәтиже

Жауапты

1

Тәрбиеленушілерді тереңдетілген медициналық тексеруден өткізу

Жыл сайын

Аудандық емхана дәрігерлерімен бірлесіп

Балалар ауруын алдын алу, уақытылы емдеу

Медбике

2

Денсаулығы нашар балаларды дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметіне қатынастыру мақсатында арнайы медициналық топтар құру

Жыл сайын

Жетекші дайындау

Балалардың денсаулығын нығайту

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы, медбике

3

Балалардың дәрумен қосылған, қауіпсіз тамақтануын ұйымдастыру

Жыл сайын

Тамақ сапасын бақылау

Балалардың салауатты тамақтануына қол жеткізу

Әдіскер

4

ДЦП (болған жағдайда) есепте тұрған балалармен жұмыс жасау

Жыл сайын

Аудандық емхана дәрігерлерімен бірлесе жұмыс жүргізу

Ауру балаларды емдеп жазу

Медбике

5

Жазғы сауықтыру шараларын ұйымдастыру

Жыл сайын

Шынықтыру,

күн-су-ауа процедурасын пайдалану

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Дене шынықтыру нұсқаушысы, медбике, тәрбиешілер