Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы

"Алтын балық" бөбекжай балабақшасының

 

 

МЕКЕМЕ ТАРИХЫ

 

 

1963 жылдың 2 қаңтарындағы Қазақ ҚСР-інің Жоғарғы Совет Президиумының жарлығымен Есбол және Бақсай аудандары біріктіріліп олардың негізінде орталығы Махамбет кенті бұрынғы Яманка болып Махамбет ауданы  құрылды.

 

Қаз ҚСР Жоғарғы Совет Президиумының 15.06.1963 жылғы жарлығымен Яманка кентіне қазақтың батыры, дауылпаз ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының есімі беріліп,  Махамбет болып өзгертілді.

 

Бақсай ауданы ауылымыз Жаманқала атанған мезгілде №1 балабақша 1954 жылдан бастап жұмыс жасаған. Халық депутаттарының  Махамбет  аудандық Советі атқару комитетінің   23 сәуір 1979 жылдың №88-р санды жарлығымен Махамбет селосындағы  75 орындық №1 балалар бақшасының бұрынғы үйі жарамсыздыққа  ұшырағандықтан №1 балабақша  сол жылы жаңадан салынған 140 орындық балалар комбинатына көшірілген. Балабақшаға "Алтын балық" атауы осы жылдан бастап берілген. Балабақшаның 63 жыл тарихы бар.

 

Сол кезде балабақшаның меңгерушісі болып Воронова Р.Н. 1954 жылдың 21 желтоқсан айында тағайындалған.

 

Тәрбие мен білімнің алғашқа дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріліп, адамгершіліктің алғашқы сатыларын қалыптастырудың қайнар көзі-мектепке дейінгі кезең екендігі ақиқат. Осы үлкен талапты орындауда аудандағы  «Алтын балық» балабақшасының да білім саласына  қосқан үлесі зор.

 

№ 1 балабақшаға 1957 жылдың 29 қыркүйек айында Сапиева Жәния апай меңгерушілік қызметіне тағайындалған.

Өзінің бойындағы ұйымдастырушылық қабілеті мен тәрбиелік ұшқыр ойларын ұштастыра білген білікті басшы № 1 балабақшаны аудандағы іргелі оқу базасы тұрақты балабақшаға  айналдыра білді. Талмай ізденіп, аянбай еңбек етіп «Балабақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Балабақшада бала тамағын ұйымдастыру», «Дене шынықтырудың бала өміріне пайдасы» тақырыптарына жазылған баяндамалары аудандық, облыстық педагогикалық оқуларда тыңдалды.

 

1969 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды.

 

Сонымен қатар бұл жылдарда бала тәрбиесіне үлес қосқан тәрбиешілер Әлия Қырымбаева, Салима Есенғалиева, Айман Тағамбаева өз істерінің мамандары болып аталды.

 

Балабақшадағы эстетикалық тәрбие беру құралы болып табылатын ән сабағына Республика көлеміне танымал күйші Зәмзәм Ещанова (марқұм) жетекшілік етті.

 

Зәмзәм Ещанова апайымыздан талайлар тәлім алса, қазір ол кісінің атында Махамбет ауданында саз мектебі жұмыс жасайды. Ән сабағы сәбилерді тіршілік үнінің сан қилы әсерімен сәулелі өмірге жетелейді десек, өз биігіне жету үшін сүйген ісіне адалдығын арқау еткен ұстаз Зәмзәм апайдың ізбасарлары Клара Бекулова (Иманғали Тасмағамбетов ағаның зайыбы), Надя Кузняткина, Алтынай Төлешова, Айжан Мыңғышбаевалар саз жетекшісі болып жұмыс жасаса, қазіргі уақытта Халыш Түсекенова олардың бастаған сара жолын жалғастырып келеді.

 

 

№ 1 балабақшаға 1976 жылдың 2 қыркүйек айынан бастап Хабирова Гаухар Яроллаевна меңгерушілік қызметіне тағайындалған.

 

 

1979 жылдың 17 қаңтар айына дейін  Хабирова Гаухар меңгеруші болып жұмыс жасап, Махамбет орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауысып кеткен.

 

 

1979 жылдың 19 қаңтар айында жаңа салынған «Алтын балық» балабақшасына Жәния Сапиева қайтадан меңгеруші болып тағайындалып, 1990 жылдың 26 желтоқсан айына дейін жұмыс жасап зейнеткерлікке шыққан.

 

1990 жылдың 26 желтоқсан айында Махамбет аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің инспекторы Азбергенова Әдемі № 1 «Алтын балық» балабақшасының меңгеруші қызметіне тағайындалған.

 

 

1991 жылы еліміз Егемендік алды. Осы тарихи жылдан бастап балабақшаны көркейту, оқу процесін қалыпты жүйеге түсіру бағытында елеулі еңбек сіңірген білікті ұстаз Әдемі апай іскер ұйымдастырушы бола білді.

 

1995 жылы гимназия тобының тәрбиешісі Искендирова Гулжан Бақтыбайқызы «Жыл тәрбиеші» сайысына қатысып, ауданнан «Бас жүлде», облыстан ІІ орын алды.

 

Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбектері үшін және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін бірінші санатты тәрбиеші Юдина Надежда 1997 жылы Қазақстан Республикасы білім Министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

2000 жылдың 28 қыркүйек айынан  бастап балабақша меңгерушісі болып Мұғауова Баян Орынбасарқызы қызмет етті.

 

Ол аз ғана уақыт ішінде жомарт жүрегімен, ізгі рухани қызметтерімен баршаның құрметіне ие бола білді.

 

2002 жылдың 2 тамыз айынан бастап балабақша меңгерушісі болып Кабышева Канибек Саримқызы тағайындалды.

 

 

2003 жылы Сариева Тойған Қалимқызы «Жыл тәрбиеші – 2003» байқауына қатысып Ауданнан «Бас жүлде» алып, Облыстан ІІІ орын алды.

 

 2005 жылы тәрбиеші Юдина Надежда Константиновна Атырау облыстық Білім беру департаментінің «Құрмет грамотасымен», 2005 жылы тәрбиеші Сариева Тойған Қалимқызы Атырау облыстық Білім беру департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2005 жылы облыстық «Ең таңдаулы балабақша» сайысында  балабақша ІІІ орынға ие болды.

 

 Облыстық білім беру департаментінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 390 «Экспериментті сынақ жұмысын дамыту туралы» бұйрығы негізінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2006-2007 оқу жылында балабақшаға Республикалық тірек сынақ алаңы болып бекітіліп, «Өзін-өзі тану» сабағы енгізілді. Балабақшада «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық «Бөбек» ғылыми-зерттеу орталығынан 4 педагог тәрбиеші курстан өтті. Эксперимент кезінде балабақша біршама оң тәжірибе жинақтады. Әрбір сабақты дайындау және өткізу шығармашылық ізденісті талап етеді. Ізденістің нәтижесінде «Өзін-өзі тану»пәнінің тәрбиешісі болған Дариға Күнтазиева (марқұм) «Өзін-өзі тану әлеміне саяхат», «Мен қамқор боламын» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде рухани құндылықтарды қолдана отырып, адамгершілікке баулу» тақырыбында шығармашылық жұмысын аудан көлемінде қорғап, жүлделі І орынға, Облыс деңгейінде ІІ орынға ие болды. 2008-2009 жылы оқу жылында балабақша «Өзін-өзі тану»пәнінің сырттай конкурсына қатысып кабинет ішілік фотослайд жасалды.

 

Білім бөлімінің басшылығымен «Өзін-өзі тану» пәні –әдістемелік жұмыс және оның тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында аудандық семинар біздің балабақшада ұйымдастырылды. Семинарда тәрбиешілер Жумалиева Алмагүл «Мен қайырымды баламын», Жұбаниязова Ләззат «Отбасы - бақыт мекен» атты ашық сабақтар, балабақша психологі Сағындықова Айнагүл «Танысу» тренигтерін өткізіп, жетістіктерге ие болды.

 

Сонымен қатар ата аналар атынан Сайлаубай Тәжбентайдың «Өзін –өзі тану» біздің- балабақшада» тақырыбында «Жайық шұғыласы»газетінің 2009 жылғы 5 наурыздағы №10 санында мақаласы, «Өзін-өзі тану» пәніне мән берілдуде» тақырыбында балабақшаның меңгерушісі Сариева Тойған Қалимқызының мақаласы жарияланды.

 

2006 жылы Нұрхиева Айгүл Базарқызы «Жыл тәрбиеші» сайысына қатысып ауданнан І орынға ие болса, 2007 жылы Махамбет аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.  2007 жылы балабақша ауданнан «Үлгілі ғимарат» атағын жеңіп алды.

 

2008 жылдың 13 тамыз айынан бастап осы балабақшада тәрбиеші, әдіскер, психолог маманы болып жұмыс жасаған Сариева Тойған Қалимқызы балабақша меңгерушісі болып тағайындалды.

 

Балабақшада 6 топта 140 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мұнда барлық жиһаз, төсек орын, тұрмыстық-техникалық жабдықтары талапқа сай жасақталынған. Біздің балабақшада мектепке дейінгі жастан кіші балаларға арналған «Зерек»бала, «Алғашқы қадам» оқу тәрбие жұмысы бағдарламасымен және басқа әдістемелерді пайдаланып жұмыс жасаса, қазіргі уақытта «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша 5 топ қазақша, 1 топ орысша оқу тәрбие жұмысы жүргізіледі.

 

Ұжымда 12 тәрбиеші, әдіскер, психолог, саз жетекшісі, би жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, қазақ тілінің, орыс тілінің, ағылшын тілінің оқытушылары, барлығы  21 педагог мамандар жұмыс атқарады. Оның 20-сы жоғары мектепке дейінгі тәрбие маманы, 1-уі арнаулы орта мектепке дейінгі тәрбие маманы. Педагог қызметкерлердің 2-еуі жоғары біліктілік санатты, 9-уі бірінші біліктілік санатты, 7-ы екінші біліктілік санатты мамандар. Жыл сайын педагог мамандар өз білімін жетілдіру мақсатында  білім жетілдіру курстарынан өтіп отырады. Тәрбиешілер оқу іс әркетінде жаңа технолияларды мультимедия мен интерактивтік тақтамен, дидактикалық материалдар, әдістемелік құралдарды пайдаланады.

 

Балабақшадағы оқу тәрбие жұмысының басты мақсаты: Тәрбиенің жаңа технологиясын пайдалана отырып, ізгілікке бағдарланған, әсемдікпен қаруланған ұлттық тәлім нәрімен сусындаған халық игілігін жасаушы азаматты, жеке тұлғаны тәрбиелеу.

 

Ел болашағы жастардың қолында дейтін болсақ,оларды кемелді келешекке жетелеу жолында бар мүмкіндіктерді пайдаланып,ұстаздар қауымының,соның ішінде тәрбиешілердің қосып отырған үлесі елеулі.

 

Бүгінгі таңда өз міндетін абыроймен атқарып, әр бүлдіршіннің бос уақытын тиімді өткізуіне қамтамасыз етіп, олардың қабілеттерін шыңдай түсуде зор үлесін қосып жүрген жандардың бірі Сапиева Сабила, Юдина Надежда Константиновна, Искендирова Гүлжан, Бисешова Ақмарал, Әбуғалиева Қалимат, Рахметуллина Зулфат, саз жетекшісі Мыңғышбаева Айжан, би жетекшісі Торбаева Батима, ағылшын тілінің оқытушысы Аубакирова Гүлжамал сынды педагогтардың есімін атауға болады.

 

Осы балабақшаның негізі қаланғаннан бастап үздіксіз еңбек етіп, өмірінің 35 жылында «Бүлдіршіндерімді қалай білімді етем, қалай азамат етіп шығарам» - деп әрбір күнін,әрбір сағатын ізденіспен, қимылмен, көңілге түюмен өткізген ұстаздардың бірі де, бірегейі - Сапиева Сабила апай. 1973 жылдан бастап осы балабақшада тәрбиеші қызметін жасап, 1995 жылдан 2001 жылға дейін балабақшаның оқу тәрбие жұмысының әдіскер қызметін атқарып, кейіннен тәрбиеші қызметімен еңбек жолын жалғады. Ол тәрбиешілердің  шығармашылығын шыңдау, пікір алысу, өз іс тәжірибесін бөлісу сияқты педагогикалық шараларға көптеп қатысып отырады. Жас мамандарды үйрету үшін «Жас мамандар сіздер үшін» клубына жетекшілік етті. Балабақшамызда бала тәрбиесіне өз үлестерін қосып ата-аналар алғысына бөленген байырғы ұстаз Сапиева Сабила  2005 жылы Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтының «Құрмет грамотасымен», Рахимова Сауле 2004 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

 

2010 жылы Аудандық балабақша меңгерушілері арасында өткен «Білім ұясы: Үздік менеджер - 2010» байқауында өз ісінің кәсіби шеберлігі үшін Сариева Тойған Қалимқызы ІІІ орын алса, осы жылы балалардың өм––ір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етуде жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Алғыс хатымен», Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

 

     2011 жылы саз жетекшісі Мыңғышбаева Айжан Облыстық педагогикалық оқуға қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

    2012 жылы би жетекшісі Торбаева Бәтима Облыстық педагогикалық оқуға қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

    2012 жылы Республика көлемінде «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» кітабына балабақшаның жоғары санатты тәрбиешісі Юдина Надежда Константиновнаның және аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Масалимова Болған Ғибатоллақызының  жеткен жетістіктері жайында мәліметтері жарыққа шықты.

 

           2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының І кезеңімен балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына толықтай сәйкестенуіне байланысты «Алтын балық» бөбекжай балабақшасы Атырау облысының білім саласындағы бақылау Департаментінен мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

 

2013 жылы балабақша психологі Сағындыкова Айнагүл Облыстық педагогикалық оқуға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен, 2013 жылы балабақша меңгерушісі Сариева Тойған Қалимқызы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Құрмет грамотасымен», осы жылы саз жетекшісі Мыңғышбаева Айжан Атырау облысы Білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

 2013 жылы Егеменді еліміздің дамыған өркениетті елдер қатарына жету жолында ғылым  мен білім жүйесін жетілдіруге қосқан үлестері мен елбасының «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыру жолында 2013-2014 оқу жылына балабақшаны сапалы дайындаған үшін «Алтын балық» балабақшасы марапатталды.

 

2014 жылы Сариева Тойған Қалимқызы облыстық «Үздік менеджер-2014» байқауына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен, 2014 жылдың қорытындысымен Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік балабақша қызметкері» атағын алды. 2014 жылы балабақшаның жоғары біліктілік санатты тәрбиешісі Юдина Надежда Константиновна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», би жетекшісі Торбаева Бәтима Облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

2014 жылы Егеменді еліміздің дамыған өркениетті елдер қатарына жету жолында ғылым мен білім жүйесін жетілдіруге қосқан үлестері мен елбасының «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыру жолында 2014-2015 оқу жылына балабақшаны сапалы дайындаған үшін «Алтын балық» балабақшасы марапатталды.

 

2015 жылы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін Сариева Тойған Қалимқызы Атырау облысы Білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

2016 жылы  «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту: жаңа сапа, жаңа көзқарас» ІІІ облыстық ғылыми - практикалық конференциясында  меңгеруші Сариева Тойған Қалимқызы «Басқару - басқаларды жетістікке жеткізу», саз жетекшісі Мыңғышбаева Айжан Абылқасқызы «Музыкалық аспаптар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», тәрбиеші Юдина Надежда Константиновна «Художественно творческая деятельность детей в детском саду» тақырыбында іс - тәжірибелерін қорғап, Атырау облысы білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

2016 жылы  Облыстық педагогикалық оқуда саз жетекшісі Мыңғышбаева Айжан «Музыкалық аспаптар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» іс-тәжірибесімен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

2016 жылы балабақша меңгерушісі Сариева Тойған Қалимқызы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің  «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

Балабақшаның ұжымы ұйымшылдықпен жұмыс жасап, тарихи оқиғаларға толы аудандық, облыстық мәдени шараларға өз үлестерін үнемі қосып келеді. Айтар болсақ, 2003 жылы Махамбет бабамыздың 200 жылдық мерей тойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануына, 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдық тойына, 2008 жылы Махамбет ауданының 80 жылдық мерей тойына, 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына, 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына, 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мәдени шаралардың өтуіне атсалысты. Ұжым «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты мекеме арасында өнер фестиваліне қатысып аудан әкімшілігінің ІІІ дәрежелі дипломымен және театрландырылған қойылымда Әлия мен Маншүк рөлін сомдаған тәрбиешілер Алмагүл Жумалиева мен Айнагүл Сағындыкова аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Қазақ зиялысы Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деген қағидалы сөзін өзінің ұстаздық ұстанымы етіп ұстанатын тәрбиешілер жас ұрпаққа заманға лайық тәрбие берумен қатар, халқымыздың аса бай құнды мұраларын дәріптеуге, жалпы өнерді, соның ішінде шешендік өнерді бала бойына дарыту барысында жемісті еңбек етіп келеді.

 

 Әр баланың дара ерекшелігін ескере отырып шығармашылық қаблетінің дамуына көңіл бөліп ата-аналармен тығыз байланыста болып отырады.

 

 Жыл сайын өтетін дәстүрлі «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының облыстық фестивалінде жылма жыл балабақша бүлдіршіндері үздіктер қатарынан көрініп келеді. 2011 жылы би жанры бойынша үздік өнер көрсеткені үшін «Пингвиндер» биімен ІІІ орын, 2012 жылы оркестр жанрынан халық әні «Елигай» шығармасын орындап ІІ орын,  2013 жылы оркестр жанрынан «Біз өмірдің гүліміз» шығармасын орындап  ІІ орын, 2014 жылы оркестр жанрынан І орын, ән номинациясынан ІІІ орын, 2014 жылы би жанрынан «Көңілді қояндар» биімен ІІІ орын, 2015 жылы қазақтың ұлттық биі «Асатаяқ» биімен ІІІ орын, оркестр жанрынан «Озорная полька» шығармасын орындап І орын, 2016 жылы оркестр жанрынан  «Қазақтың ән-күйінен топтама» шығармасын орындап І дәрежелі орын, 2017 жылы би жанрынан «Ромашковые ежики» биімен ІІІ орын,  оркестр жанрынан «Катюша» шығармасын орындап І дәрежелі марапатталып, абыройлары облыс бойынша асқақтады.

 

2017 жылы  би-саз жетекшісі  Торбаева Батима Нұрахметқызы Облыстық  педагогикалық оқуда "Би өнері және баланың жан-жақты дамуы" іс-тәжірибесімен  І дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

2017  жылдың 17 сәуір айында балабақша меңгерушісі  Сариева Тойған  Қостанай қаласында  өткен  "Қазақстанда  мектепке дейінгі білім берудің ғасырлық тарихи шежіресі"  атты республикалық педагогикалық  оқуда «Тәрбиенің алтын бесігі – балабақша» тақырыбындағы  іс-тәжірибесін  қорғап, Республиканың  әр аймағынан  келген  педагог  мамандармен  пікір алмасып, ой бөлісіп  қайтты.

 

Осы жылы облыс көлемінде  өткен  тамыз маслихатында "Алтын  асық  қалмасын айдалада" жобасының тұсауы кесілді. Жоба авторы балабақша меңгерушісі  Сариева Тойған Қалимқызы  мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылған оқу қызметінде асықты пайдаланудың маңызы мен пайдасы жөнінде айтып, асықтан жасалған дидактикалық  ойындар жинағын  ұсынды.

 

 Облыс әкімі  Ноғаев Нұрлан Асқарұлы  ризашылығын білдіріп, асық құндылығы туралы халыққа  насихаттап, дәріптеу  мақсатында  облыстық телеарнасының "Бізбен бірге" бағдарламасына жүздесуге шақырды.

 

  

 

"Қазақстанда Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің 100 жылдық ғасырлық тарихи шежіресіне"орай 2017 жылдың  8 желтоқсан айында  «Алтын балық» балабақшасының  құрылғанына  63 жыл толуына ұйымдастырылған  «Тарихы терең – Мәңгілік Ел»  атты мерекелік шара  аудан көлемінде аталып өтті. 

 

Мәдени мерекелік шараға Аудан әкімінің орынбасары Тналиев Ұлықбек Серікұлы, Аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Ахметова Айгүл Орынбасарқызы, "Өрлеу" Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институты жанынан тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, тренер Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы, Аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің бас редакторы, Маслихат депутаты Ерғалиев Нұрым Тельманұлы, Астана қаласынан балабақшаның ең алғашқы балабақша меңгерушісі Сапиева Жания (марқұм) апайдың қызы Айнур Шунаева, балабақшаның ардагер ұстаздары, балабақша меңгерушілері және ата-аналар қатысты.

 

Біз тек өз заманымыздың өреміз жеткен ақиқатын ғана жаздық. Алайда өзгермес бір ақиқат бар. Ол Махамбет ауылы бәріміз үшін  қасиетті мекен, қастерлі топырақ. Ең бастысы әрбір азамат оның тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, өзінің еңбек еткен мекемесінің  – адамын қадірлеп, өткенін сыйлай, бүгінгісін сезіне, келешегін қорғай білгені абзал.

 

 Келешек ұрпақ қандай болады, қадірменді ағайын ол мына сіз бен бізге байланысты.

 

«Мен – нағыз ұлы тарих куәсімін, бірімін және оны жасаушысымын» – деп ұлы Абай жырлағандай, ата-бабамыздан қалған салт дәстүрімізді, елдік, ерлік дәстүрін  ұрпақ санасына сіңіре білсек, парыздың орындалғаны.

 

 

«Тарихы терең – Мәңгілік Ел»  атты мерекелік шара