Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап көрсетті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеялық құндылықтарын жүзеге асыру констектісінде Ұлыстың ұлы күні Наурыздың мейрамын тойлаудың мәні өте жоғары.
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, ұлық мереке.
Ең керемет Наурыз – табиғаттың тойы.
Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы.
Махамбет ауданындағы «Алтын балық» балабақшасында Ұлыстың ұлы күнін мерекелеудің әрбір күніне атаулы шаралар ұйымдастыру жоспарланды.
14 наурыз – Көрісу (Амал) күні. Көрісу күні сенбі демалыс күніне тұстас келсе де ұжым педагогтары ұйымшылдықпен сенбілікке шықты. Бір-бірімен ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып көрісіп арқа-жарқа болды.
«Бұл күн араздасқан адамдар бір-бірімен кешірімдесетін, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн» деген аталы сөзді үлкендер жағы жастарға айтып жатты. Осынау мерекелі күні ұжым педагогтары балабақшаның ардагер ұстаздарына арнап «Ардагерлер алаңы» атты акция ұйымдастырып тал екті.
«Адам ең алдымен табиғатқа қарыз, өйткені табиғаттың бізге берер сыйы көп».
Балабақшаның шарбағын көгалдандыру, тал егу, гүл егу, ойын алаңдарын күтіп баптауда барлық қызметкерлердің еңбектерін бағалап айтуды парызым деп есептеймін.
Балабақша меңгерушісі Сариева Тойған Қалимқызы
16 Наурыз 2020 жыл.
https://altynbalyk.mahambet-bb.kz/kz/ardagerlerdi-arda-tajy.html#sigFreeIdace9fab379
Ардагер ұтаздар
Сапиева Жәния Сапақызы 23 ақпан 1935 жылы Гурьев облысы, Бақсай ауданы Жаманқала селосында дүниеге келген.
1952-1956 жылдары Гурьев педагогикалық училищесінің "Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие" мамандығын бітірді.
1960-1965 жылдары Гурьев педагогикалық институтының "Мектепке дейінгі педагогика және психология" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірді.
1981-1984 жылдары Алматы педагогикалық институтының "Логопед, дефектолог" мамандығын бітірді.
Еңбек өтілі:
1957 жылы "Алтын балық" балабақшасының меңгеруші қызметіне тағайындалып, осы балабақшада үзбей еңбек етіп, 1990 жылы зейнеткерлікке шықты. Тәжірибелі ардагер ұстаз 40 жыл білім саласында еңбек етіп сүбелі улес қосты.
Сапиева Жәния Сапақызы 27 мамыр 2009 жылы қайтыс болды.
Марапаттары:
1969 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды.
Тарихи жәдігер
Пайдаланған кітабы:
"Лепка детском саду" Н.В.Халезова, Н.А.Курочкина, Н.В.Пантюхина
Москва "Просвещение" 1978
Рахимова Сәуле Сидиыққызы 7 қараша 1950 жылы Индер ауданы, Құрылыс селосында дүниеге келген.
1957-1967 жылдары мектепті бітіріп, Атырау қаласындағы тәрбиешілер даярлайтын курсын аяқтады.
Еңбек өтілі:
1969 жылы ең алғашқы еңбек жолын Құлсары қаласындағы «Радуга» балабақшасында әдіскер қызметінен бастаған.
1970-1974 жылдар аралығында Теңдік селосындағы «Новостроительный» ауылындағы балабақшада тәрбиеші, Құс фабрикасы балабақшасында меңгеруші қызметін атқарған.
1975-1978 жылдары Алматы қыздар педагогикалық институтының мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша жоғары білім алды.
1974 жылы Махамбет селосындағы № 2 балабақшасында тәрбиеші қызметіне орналасып, 1977 жылы № 3 балабақшасының меңгеруші қызметіне тағайындалды.
1989-1997 жылдар аралығында № 2 тәуліктік балабақшасының меңгерушілік қызметін атқарды.
2001 жылы «Шолпан» балабақшасында әдіскер қызметін атқарды.
2008 жылы «Алтын балық» балабақшасына педагог психолог қызметіне ауысып, осы жылы құрметті зейнеткерлік жасқа толды. Тәжірибелі ардагер ұстаз тағы бір жыл еңбек жолын жалғастырып 40 жыл білім саласында еңбек етіп сүбелі улес қосты.
Рахимова Сәуле Сидиыққызы 21 желтоқсан 2017 жылы қайтыс болды.
Марапаттары:
2004 жылы Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін Атырау Облысы Білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Тарихи жәдігер
Пайдаланған кітабы:
"Формирование представлений о времени у детей дощкольного возраста" Т.Д.Рихтерман "Просвещение" 1991
Әзбергенова Әдемі Набидоллақызы 1954 жылы 4 тамызда Гурьев облысы Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай селосында дүниеге келген.
1975-1979 жылдары Гурьев педагогикалық училищесінің "Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие" мамандығын бітірді.
Еңбек өтілі:
1979-1981 жылдары "Алтын балық" балабақшасында тәрбиеші қызметінен ең алғашқы еңбек жолын бастаған.
1981-1984 жылдары Махамбет аудандық білім бөлімінің методист инспектор қызметін атқарған.
1984-1989 жылдары Махамбет аудандық райисполкомда жас толмағандар жөніндегі жауапты секретарь қызметін атқарған.
1989-1990 жылдары Махамбет аудандық білім бөлімінің инспекторы қызметін атқарған.
1990-2000жылдары Махамбет аудандық "Алтын балық" балабақшасының меңгеруші қызметіне тағайындалған.
2000 жылдан бастап Атырау №3 Арнаулы мектеп интернатының аға тәрбиеші қызметін атқарған.
Марапаттары:
1983 жылы Облыстық білім және ғылым министрлігінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
2005 жылы Облыстық білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Тарихи жәдігер
Пайдаланған кітабы:
"Старший воспитатель детского сада" А.И.Васильева, Л.А.Бахтурина, И.И.Кобитина
Москва "Просвещение" 1990
Сапиева Сабила 1950 жылы 20 қыркүйекте Гурьев облысы Махамбет ауданына қарасты Чапаев совхозының Айбас ауылында дүниеге келген.
1979-1983 жылдары Гурьев педагогикалық училищесінің "Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие" мамандығын бітірген.
1984-1989 жылдары Гурьев педагогикалық институтының "Мектепке дейінгі педагогика және психология" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген.
Еңбек өтілі:
1973 жылдан бері өз мамандығы бойынша осы балабақшада тәрбиеші, әдіскер қызметтерін атқарып, 35 жыл үзбестен еңбек етіп, 2008 жылы зейнеткерлікке шықты.
Марапаттары:
2005 жылы Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Тарихи жәдігер
Пайдаланған кітабы:
"Формирование представлений о времени у детей дощкольного возраста" Т.Д.Рихтерман
Москва "Просвещение" 1991
Юдина Надежда Константиновна 29 қазан 1958 жылы Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында дүниеге келген.
1979-1983 жылдары Гурьев педагогикалық училищесінің "Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие" мамандығын бітірді.
1983-1988 жылдары Гурьев педагогикалық институтының "Мектепке дейінгі педагогика және психология" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірді.
Еңбек өтілі:
1979 жылы "Алтын балық" балабақшасында көмекші тәрбиеші қызметінен алғашқы еңбек жолын бастады.
1980 жылдан бері өз мамандығы бойынша осы балабақшада тәрбиеші қызметін атқарып, 38 жыл үзбестен еңбек етіп келеді.
Марапаттары:
2007 жылы Аудандық педагогикалық оқуға қатысып, І дәрежелі дипломмен, Облыстан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2007 жылы облыстық Білім жетілдіру институтымен "Воспитание любви и уважение к родному краю, республике, народу, к природе через ознакомление с окружающим" тақырыбындағы шығармашылық жұмысы "Ағарту ісінен - қазіргі заманғы педагогикалық теория мен практикаға дейін" тақырыбындағы жинақ кітабында ұсынылып енгізілді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Құрмет грамотасы",
2010 жылы Облыстық білім беру басқармасының "Құрмет грамотасы",
2017 жылы "Ана жүрегі" төсбелгісімен марапатталды.
Тарихи жәдігер
Пайдаланған кітабы:
"Вы и младенец" Педагогика Н.Н.Авдеева, С.Ю.Мещерякова
Москва "Педагогика" 1991
Мұқанова Жания Жақсылыққызы 17 маусым 1958 жылы Гурьев облысы, Махамбет селосында дүниеге келген.
1981-1984 жылдары Гурьев педагогикалық училищесінің "Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие" мамандығын бітірді.
1989-1993 жылдары Атырау педагогикалық институтының "Мектепке дейінгі тәрбие педагогикасы мен психологиясы" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірді.
Еңбек өтілі:
1975-1984 жылдары Махамбет селосындағы №4 балабақшасында күтуші, кейіннен тәрбиеші қызметінен алғашқы еңбек жолын бастады.
1984-1988 жылдары Махамбет селосындағы №1 "Алтын балық" балабақшасының тәрбиеші
1988-1989 жылдары Махамбет селосындағы №2 балабақшасының меңгеруші
1989-1995 жылдары Махамбет селосындағы №7 балабақшасының тәрбиеші
1995-2000 жылдары Махамбет селосындағы №7 балабақшасының меңгеруші
2003-2013 жылдары Махамбет селосындағы салық инспекторы қызметі
2013 жылдан бері өз мамандығы бойынша "Алтын балық" балабақша-сының тәрбиеші қызметін атқарып келеді, балабақшаға балаларды тәрбиелеуде 32 жыл еңбегін арнады.
Марапаттары:
1987 жылы Аудандық білім бөлімінің "Құрмет грамотасымен",
2016 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының "Алғыс хатымен" марапатталды.
Қазиева Мақпал Жолымбайқызы 12 наурыз 1953 жылы Гурьев облысы, Махамбет селосында дүниеге келген.
1972 жылы Гурьев медициналық училищесін бітірді.
Еңбек өтілі:
1972 жылы Махамбет ауданындағы ауруханада мамандығы бойынша алғашқы еңбек жолын бастады.
2000 жылы"Алтын балық" балабақшасының медбике жұмысына ауысып келді.
Еңбек жолының соңына дейін осы балабақшада медике қызметін атқарып жүріп, 2010 жылы зейнеткерлікке шықты.
Қапанова Бұрыш 21 қазан 1950 жылы Гурьев облысы, Жаманқала ауданы, Жалғансай ауылында дүниеге келген.
1968 жылы Жаманқала ауданындағы мектеп интернатында орта мектепті бітірді.
1969 жылы Махамбет ауданындағы ПМК- 904 құрылыс саласында сылақшы қызметінен ең алғашқы еңбек жолын бастады.Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына зор үлес қосып, партия мүшесіне қабылданды.
1979 жылы жаңадан типтік жобамен салынған "Алтын балық" балабақшасына көмекші тәрбиеші, кейіннен кір жуушы қызметтерін атқарды. Осы балабақшада үзбестен еңбек етіп, 2008 жылы зейнеткерлікке шықты.